jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада мопед мінген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

    мопед
    Мопед. Фото: Астана қаласы полиция департаменті

    Елордада патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып, жолақ ауыстыру кезінде бұрылыс шамын жақпаған мопед жүргізушісін тоқтатты. Мопедті 17 жастағы жасөспірім жүргізіп келе жатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Патрульдік полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында мопед тізгінінде көлік құралын басқару құқығы жоқ 17 жастағы жасөспірім отырғанын анықтады.

    Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдерінің қатысуымен оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Мопед арнайы айыптұраққа қойылды.

    Полиция департаменті көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуі өздерінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салады.

    Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын бақылауды күшейтіп, олардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу ұсынылады.

    Астанада мопед мінген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.