jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    12 жастағы баланың өлімі: Алматы полициясының ресми өкілі мәлімдеме жасады (видео)

    жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек 12 жастағы баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полиция департаменті Instagram желісіндегі парақшасында Түрксіб ауданында кісі қолынан қаза тапқан 12 жастағы жасөспірімнің ісі бойынша мәлімдеме жасаған ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің бейнеүндеуін жариялады.

    "Түрксіб ауданында 12 жастағы жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру үшін Алматы қаласы полиция департаментінде арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Салтанат Әзірбек.

    ПД ресми өкілінің айтуынша, оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнебақылау камераларының жазбалары, сондай-ақ оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға ықпал ететін өзге де цифрлық деректер зерттеліп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. "Қазіргі уақытта барлық уәждер мен болжамдар мұқият тексерілуде.

    Сонымен қатар тергеудің осы кезеңінде аталған қылмысқа бір кәмелетке толмаған азаматтың қатысы бар екені анықталды. Ол заң талаптарына сәйкес ұсталып, арнайы мекемеге орналастырылды", - деді ол.

    ПД ресми өкілі пышақ жарақаттары өзара келіспеушілік салдарынан туындаған жанжал барысында салынғанын еске салды. "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның ішінде қолда бар бейнежазбалар мен хат алмасу деректері бойынша, қаза болған жасөспірім күдіктінің тұрғылықты мекенжайына арадағы мәселені анықтау мақсатында барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа қылмыстық істің барлық мән-жайлары түсіндірілді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы Алматы қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу бұл оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде анықтауға бағытталған", - деді Салтанат Әзірбек.

    Алматы қаласы ПД азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады.

    12 жастағы баланың өлімі: Алматы полициясының ресми өкілі мәлімдеме жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.