jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда граната мен пышақ ұстаған ер адам ұсталды

    Полиция
    Полиция: ДП Алматы

    Алматыдадағы Райымбек даңғылынан полиция қызметкерлері күдік тудырған ер адамды ұстады. Одан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық ПД полиция қызметкерлері күмәнді әрекетімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, тексерген.

    "Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды", – деп хабарлады полиция.

    Ұсталған ер адам заттарды бұрын тауып алғанын, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүргенін мәлімдеген. Оның сөзінің растығы тексеріліп жатыр.

    Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    "Алматы полициясы азаматтарды өздерімен бірге қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттарды тапқан жағдайда бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады", – делінген хабарламада.

    Алматыда граната мен пышақ ұстаған ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.