jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жазықсыз адамдарды өлтірдім деп ойламаймын": Сұлтан Сәрсемәлиев сотта не деді

    Сұлтан Сәрсемәлиев
    Сұлтан Сәрсемәлиев. Фото: youtube.com/@azh-news

    Жангелдин ауылында төрт адамды өлтіру ісі бойынша сотта Сұлтан Сәрсемалиевтен жауап алу жалғасып жатыр. Айыпталушы қылмыстан кейін не себепті Индонезияға жасырынғанын, шетелде қандай қаражатқа өмір сүргенін және бүгін өз әрекеттерін қалай түсіндіретінін айтты. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазады.

    "Неге нақты Индонезияға қаштыңыз?" деген сұраққа Сәрсемалиев "арзан мемлекет болғасын" деді. "Ақбаянды жалғыз тастап кете алмадым" деді ол.  

    Судья Сәрсемалиевтен бұған дейін тараған ақпаратты — оның Индонезияда мешіт маңында қайыр-садақа сұрап жүргені туралы мәліметті нақтылады. Ол "жоқ", деп жауап берді. Алайда ол ақшасы таусылған кезде мешіт жақтан бір қазақ жігітін кездестіріп, көмек ретінде 20 мың теңге сұрағанын айтты.

    Ол Индонезияға билетті 300 мың теңгеге сатып алған, сол елде қалтасында 200 мың теңгеге болғанын айтты. 

    "Ақбаян мүлде есін білмей ме, ата-анасын, баласын сұрамай ма? деген сұраққа Сәрсемалиев “ақылы кіресілі-шығасылы, сұрамады" деді. 

    Жауап алу барысында ол қылмысты алдын ала жоспарламағанын бірнеше рет қайталап айтты.

    "Қылмысты қатты ақылға салған жоқпын, жүрекпен жасадым",- деді.

    Сонымен бірге ол жауаптарының бірінде "Жазықсыз адамдарды өлтірдім деп ойламаймын", - деген оған судья "үйден шықпайтын, өзімен өзі жүретін кішкентай Мейрамгүлдің не жазығы бар еді?" деп сұрады. 

    Сәрсемалиев "бұған бір жақты баға беруге болмайды" деді.

    Сәрсемалиевтің айтуынша, трагедияның себебі - бұрынғы жұбайының отбасымен ұзақ жылдар бойы жалғасқан жанжалдар.

    "Мақсат – мені отбасымнан айырып, балаларымнан ажырату болды. Мен барынша күрескім келді", — деді ол.

    Соттың "өлтіруден кейінгі жоспарларыңыз қандай болды?" деген сұрағына Сәрсемалиев ешқандай жоспар құрмағанын, бәрінің немен аяқталатынын түсінгенін айтты. Ол ұсталған кезде қарсылық көрсетпегенін де растады.

    "Жазықсыз адамдарды өлтірдім деп ойламаймын": Сұлтан Сәрсемәлиев сотта не деді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.