jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түркістанда болған жанжалдан кейін екі бапкер уақытша қызметінен шеттетілді

    Түркістандағы жанжал
    Түркістандағы жанжал. Кадр видеодан: instagram.com/alikhanovtimur18

    Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы әрі Қазақстан чемпионатының жүлдегері Тимур Алиханов байдарка мен каноэде есу спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков тарапынан өзіне күш қолданылғанын айтып, полицияға арызданғанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kazinform.

    Оның айтуынша, оқиға 7 маусым күні Түркістан қаласындағы ескек есу арнасында өткен байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты кезінде болған.

    Тимур Алихановтың сөзінше, жанжал барысында Дәулет Сұлтанбеков оған күш қолданып, жақ тұсынан екі рет соққы жасаған. Сондай-ақ ол көпшілік алдында қорланып, қызметінен босату туралы қоқан-лоқы жасалғанын алға тартты.

    "Жанжал кезінде Дәулет Сұлтанбеков маған екі рет соққы жасап, дене жарақатын келтірді. Бұған қоса көпшілік алдында балағаттап, қорлап, жұмыстан шығарамын деп қорқытты", – деп жазды Т.Алиханов әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Оқиғадан кейін ол Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз түсірген. Алайда осыдан кейін өзіне қысым көрсетіле бастаған.

    Бапкердің сөзінше, арызды қайтарып алуды тек Дәулет Сұлтанбеков қана емес, облыстық спорт мектебінің директоры Нұрлан Айтбеков те талап еткен.

    Сонымен қатар ол қарсы тараптан өзіне қатысты да арыз түскенін және қысым көрсету фактілері әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бапкер құзырлы органдардан іске объективті баға беріп, жан-жақты тергеу жүргізуді сұрады.

    Оқиғаға қатысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми мәлімдеме жасады.

    Басқарманың хабарлауынша, жанжалға қатысқан екі тарап – байдарка мен каноэде есу спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков пен жаттықтырушы Тимур Алиханов тергеу амалдары толық аяқталғанға дейін қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған азаматтар арасында өзара түсініспеушілік салдарынан жанжал туындаған.

    "Қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген басқарма мәлімдемесінде.

    Түркістанда болған жанжалдан кейін екі бапкер уақытша қызметінен шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.