Қызылордада аттракционға қысылып, екі аяғынан айырылған жігіт өмірі үшін күресіп жатыр
Жарияланған күні:
Қызылордада аттракционға қысылып қалған жігітке жедел ота жасалып, екі аяғына ампутация жасалды. Қазір дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан науқасты аман алып қалу үшін барын салып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Қызылордада аттракционға қысылып қалған жігітке жедел ота жасалып, екі аяғын кесіп тастады. Қазір дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан науқасты аман алып қалу үшін арпалысып жатыр.
Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта қаладағы "Арай" саябағында болған. Аттракционға екі аяғы түсіп кеткен 18 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен жансақтау бөліміне жеткізілген. Көп қанын жоғалтқан жас жігітке ота жасалып, сол аяғын қара санынан, екінші аяғын тобығынан кесуге тура келді. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
"Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкелген, еңбекті қорғау қағидатын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, обьективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қызылорда облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы Әділ Анарбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2389312-qyzylordada-attraktsionga-qysylyp-eki-aiagynan-aiyrylgan-zhigit-omiri-ushin-kuresip-zhatyr/