jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Төсекке таңып тастаған": Павлодарда үш жасар қызын азаптап өлтірген ер адам сотталды

    Сот
    Сот. Иллюстрациялық фото: boonchai wedmakawand/Getty Images

    Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әкеге сот үкімі шықты. Ол өмір бойына сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    26 жастағы ер адам қызының өзінен тумағанына күмәнданыпты. Осыдан кейін ол бүлдіршінді айлар бойы ұрып-соғып, тіпті орамалмен  төсекке таңып тастап отырған

    Ал өткен жылы қыркүйек айында мас күйінде баланы бетон еденге лақтырып жіберген. Ауыр жарақат алған кішкентай қыз ауруханада көз жұмды. Сотта айыпталушы өз кінәсін ішінара ғана мойындады. Болған жағдайға өзі де қайғырып, азап шегіп жатқанын айтып, әйелінен кешірім сұрады.

    "Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігі негізінде түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеледі", - деді Павлодар облысыныың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

    "Төсекке таңып тастаған": Павлодарда үш жасар қызын азаптап өлтірген ер адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.