jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

    ұсталу сәті
    Ұсталған сәті. Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

    Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісу облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорғанда синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады.

    "Олар – 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны және 43 жастағы Алматы облысының тұрғыны.

    Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды "жасырын орындарға қалдыру" тәсілімен таратумен айналысқан. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

    Сонымен қатар Талдықорғандағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталған.

    Тергеу нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

    Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.