jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Абай облысында 170-тен аса жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

    Көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Аягөз қаласында 172 жүргізушіге заңсыз салынған айыппұл жойылды, деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында заң бұзушылықтарды анықтаған.

    "Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 км болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды.

    Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылған. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

    Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін еске салды.

    Абай облысында 170-тен аса жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.