jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Емшектен шығармақ болған": Алматыда бала күтушісіне қалдырылған жеті айлық сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

    Сәби
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда сотта жеті айлық сәбидің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Көпбалалы ана кенжесін омыраудан шығару үшін бала күтушісіне үш күнге қалдырған. Алайда арада бірнеше сағат өткен соң, сәби жұмбақ жағдайда жан тапсырыпты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Алты баланы өмірге әкелген Гүлайым Серікболдың қапыда кенже қызынан айырылғанына сегіз айдан аса уақыт өтті. Сәбиін омыраудан шығарып, күйеуіне қолқабыс болуды қалаған келіншек, бөбегін бала бағушыға сеніп тапсырған. Алайда арада бірнеше сағат өткен соң, "перзентіңіз қаза тапты" деген суыт хабар естіпті. Бұл сөзге сенер‑сенбесін білмеген ана, алып ұшып оқиға орнына бірден жеткен.

    "Таңғы сағат 4-те хабар келді. "Қызыңыз демалмай жатыр" деді. 4-тен 30 минут кеткен кезде мен сол жерде болдым. Барған кезімде қызым залда жатты. Бетін ақ матамен жауып тастаған. Барып, бетін ашып қарағанымда, маңдайының екі жақ шеті көгеріп кеткен, қол-аяғы суып кеткен. Сол жерге келген дәрігерлердің айтуы бойынша, ол бала бір жарым сағат бұрын қайтыс болып кеткен. Сараптамада "мойнынан қылқындырды, асфиксия" деп берді. Сотталушы есі шықты. Шыңғырып, айғайлап, жылап жатты. "Мен емес, мен істеген жоқпын, мен істеген жоқпын" деді. Менің қолымда бала жаттты. "Ұйықтап кеттім" деген әңгіме айтты", - дейді жәбірленуші Гүлайым Серікбол.

    Бала күтуші сәбидің өлімі бойынша күдікті ретінде бірден қамауға алынған. Ал қазір іс сотта қаралып жатыр. Айыпталушы нәрестенің қазасына "қатысым жоқ" деп ақталуда. Тіпті оның адвокаты баланы жеті айына дейін дәрігерге апармаған анасының өзін кінәлады.

    "Жеті айлық бала, нәресте ғой. Туғаннан бастап тұрғылықты жерінде ешқандай бір тіркеуге тұрмаған... Ол балаға қарап та, дұрыс көмек көрсетіп, оның ауырғаны туралы да білмеген. Қазір анықталып отыр, сот, тергеу барысында. Бұлардың қателігі — бала жылаған кезде, мамасына дәл сол кезде, бір сағат немесе екі сағаттың ішінде айтып, жедел жәрдем шақырып, баланы өткізіп тастауы керек еді. Соны өткізбегені кінәсі болып тұр", - дейді айыпталушының адвокаты Әділжан Мақсатов.

    Бүгінде елімізде осындай жалдамалы бала күтушілерге сұраныс жоғары. Осы тұста заңгерлер сәбиді бөгде адамға бақтырмас бұрын, оның бұған дейін сотты болғаны-болмағаны мен психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтау маңызды екенін айтады.

    "Күтуші жайлы анықтама талап етуге міндетті. Бұрын сотты болғаны-болмағаны, наркологиялық диспансерде есепте тұратын‑тұрмайтыны, психологиялық диспансерде есепте тұратын-тұрмайтыны, мінездемесі. Жалпы тәжірибесі бар-жоғын, бала күтумен айналысқанына қанша уақыт болғанын анықтау қажет. Өйткені бала күту — оңай шаруа емес. Онымен кез келген, көшеден келген адам айналыса алмайды", - дейді заңгер Ғабит Өмірбек.

    Бұл іс жеті айдан бері жан-жақты қаралып жатыр. Нәрестенің өліміне нақты кімнің кінәлі екенін алдағы уақытта сот шешпек. Егер бала күтушінің айыбы толық дәлелденсе, ол еліміздегі ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Емшектен шығармақ болған": Алматыда бала күтушісіне қалдырылған жеті айлық сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.