Ақтөбеде көліктің өртенуі: жанармай құю станциясының иесі ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе облысының полиция департаменті жанармай құю станциясы маңында көліктің өртенуі салдарынан үш адам, оның ішінде екі бала қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы полиция департаменті бүгін жанармай құю станциясында Honda көлігінің өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: әйел адам және екі кәмелетке толмаған бала. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің "Жарылыс қаупі бар объектілердегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелді. Автогаз құю станциясының (АГҚС) иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Полиция департаменті.
Баспасөз қызметі полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған бірқатар кешенді және қажетті тергеу әрекетін жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп қосты баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 19 маусымда Ақтөбеде Бөгенбай батыр мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан АГҚС маңында жеңіл автокөлік өртенді. Ақтөбе облысы ТЖД өртті сөндіргеннен кейін көлік салонынан үш адамның жансыз денесі табылғанын, оның екеуі — кәмелетке толмағандар екенін айтты. Тағы бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2390985-aqtobede-kolikting-ortenui-zhanarmai-quiu-stantsiiasynyng-iesi-ustaldy/