Ақтөбе облысында той қонақтарының жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қандыағаштағы мейрамханада той қонақтарының жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, улану фактісі бойынша санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу (Қылмыстық кодекстің 304-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде.
Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылғанын хабарлағанбыз. Оның ішінде 34 пацинетте сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2391964-aqtobe-oblysynda-toi-qonaqtarynyng-zhappai-ulanu-deregi-boiynsha-qylmystyq-is-qozgaldy/