jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 102 адам ауруханаға түсті

    Аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялқ фото: Pramote Polyamate/Getty Images

    Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласындағы мейрамханаға барған азаматтар арасында ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

    "19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясының белгілерімен 102 пациент медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды.

    Оның ішінде 34 пацинетте сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелді. Аталған жағдайлар бойынша Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарламалар жолданып, бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынды", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға жатқызылған пациенттердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оларға қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр.

    "Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберілді. Медициналық ұйымдарда қажетті төсек-орын қоры дайындалып, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілді.

    Пациенттердің аурухана дәліздеріне орналастырылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    Байланыста болған тұлғаларды анықтау және оларды медициналық бақылауға алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Боралдай кентінде тағамнан ұшыну белгілері 19 адамның ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.

    Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 102 адам ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.