jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматылық полиция қызметкерінің өлімі: жасөспірімдер үйқамаққа алынды

    полиция
    Полиция. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша кәмелетке толмағандардың қорғаушылары іс бойынша мәлімдеме жасады. Адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шамшекова жасөспірімдерге тергеу сотының шешімімен үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Адвокаттар Гауһар Сарыева мен Динара Шәмшекованың Instagram желісіндегі парақшасындағы жазбасына сәйкес, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы күдіктілерді тергеу изоляторына қамаудан бас тартып, оларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

    Жақын күндері оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау орнатылады.

    Қорғаушылардың сөзінше, сот отырысы барысында қорғау тарабы тергеу аясында мұқият тексерілуге тиіс жайттарға назар аударған.

    Еске сала кетейік, 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның өртенген мәйіті табылған. Ол полиция қызметкерінің денесі екені расталды.

    Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

    Алматылық полиция қызметкерінің өлімі: жасөспірімдер үйқамаққа алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.