jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Сатыдан итеріп жіберген": Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы жанайқайын айтты

    Саты
    Саты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы жекеменшік мектеп өкілдерін жазаға тартуды талап етіп отыр. Олар аутизмге шалдыққан бес жасар ұлын қатарласы сатыдан итеріп жібергенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Ата-анасы баланы қараусыз қалдырғандарға қатысты арызды алғашқыда тәртіп сақшылары қабылдамай қойғанын айтады.

    "Талабымыз — кім қараған жоқ, солар жауап берсін, жазалансын! Баламның мінез-құлқы өзгеріп кетті. Қорқынышы басым, есін жинай алмай қалатын болды", - дейді Серік Нағиев.

    Бұл оқиға "Мозаика" атты мектепте болған. Үзіліс кезінде ойнап жүрген ерекше балалардың бірі Әлиді итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатыпты

    Бейнебақылау камерасына түскен таспаны білім ошағының басшылығынан «әрең алдық» дейді. Сатыдан құлаған ұл аутизм дертімен ауырады. Басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған. Көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған көрінеді, ата-анасына да хабар бермепті. Анасы тек мектептен алып кетуге келгенде бір-ақ біледі.

    Шошынған Әли күні бойы жылап, қолдан түспейді, дейді үйіндегілер. Онымен қоса, кіші дәретін жіберіп қоятын болған, бұрынғыдай көзге қарамай, қорқып отыратын көрінеді. Тәртіп сақшыларына шағымдана барғанда, "бала аман" деп, арыз қабылдаудан алғашқыда бас тартты деп ашынады ата-анасы. Ал полиция департаментіндегілер тексеру жүріп жатқанын айтады.

    "Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, зерделеніп жатыр. Сондай-ақ тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша, білім басқармасына өз құзыреті шегінде тиісті шара қабылдау үшін ұсыныс жолданады", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    "Сатыдан итеріп жіберген": Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы жанайқайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.