jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бірге әрекет еткен": Алматы маңында бір үйдің үш келіні қамауға алынды (видео)

    Полиция
    Полиция. Фото: Jaromir/Getty Images

    Алматыда қалта ұрлығын жасады деген күдікпен сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство дерегінше, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың соңғы, үшінші қатысушысын ұстады. Бұған дейін оның тағы екі сыбайласы қолға түскен болатын. Қазіргі уақытта үшеуі де қамауға алынды.

    Тергеу мәліметінше, әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған. Негізгі нысандары – базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланатын өзге де орындар болған. Олар осы жерлерде ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған.

    Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, дәлелдемелер базасын жинақтап, қылмыстық топтың барлық қатысушыларын кезең-кезеңімен анықтады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

    "Бірге әрекет еткен": Алматы маңында бір үйдің үш келіні қамауға алынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.