Қолын бұлғап, көмек сұраған: Түркістан облысында полиция қыз алып қашып бара жатқандарды тоқтатты
Жарияланған күні:
Түркістан облысында полиция қызды еркінен тыс алып қашып бара жатты деген көлікті тоқтатты. Қыз көлік ішінен қолын бұлғап полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды Отырар.
Телеарна мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Kia маркалы автокөлікті тоқтатып, ішінде болған бойжеткенді құтқарып қалды.
Қыз көлік ішінде қолын бұлғап, көмек сұраған. Көлік тоқтатылған бойда ол салоннан жүгіріп шығып, полиция қызметкерлерінен араша сұраған.
Оқиғаға қатысты некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін бойжеткен болашақ жұбайымен қарым-қатынасы өзара келісімге негізделгенін айтып, болған жағдайды араларындағы жанжалдың салдары деп түсіндіріп, арыз жазудан бас тартқан.
Қазір аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2394274-qolyn-bulgap-komek-suragan-turkistan-oblysynda-politsiia-qyz-alyp-qashyp-bara-zhatqandardy-toqtatty/