jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында көліктің үстіне ағаш құлап, бір әйел көз жұмды: тағы бір адамның жағдайы ауыр

    Алматы облысында көлік құлады
    Алматы облысында көлік құлады. Фото: "Астана" телеарнасы

    Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам мерт болды. Оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасында болған. Үш адам жансақтау бөлімінде, ал жасөспірім ауруханада, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Ағаш екі жеңіл автокөліктің үстіне құлаған. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Оның  үшеуі жансақтау бөліміне, 11 жасар қыз балалар ауруханасына жатқызылған. Енді біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал 61 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмаған. 

    "39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Бас-ми жарақаты және жүрек пен өкпе зақымданған. Екіншісі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. 34 жастағы ер адам үйіне жіберілді, дәрігерлер бақылауында. 11 жастағы қыз балалар ауруханасына ауыстырылды, жағдайы тұрақты", - дейді аудандық көпсалалы орталық ауруханасының өкілдері.

    Алматы облысында көліктің үстіне ағаш құлап, бір әйел көз жұмды: тағы бір адамның жағдайы ауыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.