jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құруға қатысты 38 іс қозғалды

    полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: polisia.kz

    Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және қатысу, оның ішінде трансұлттық сипаттағы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша да қылмыстық істер тергелуде.

    ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, әр түрлі қылмыс жасағаны үшін қылмыстық ортаға қатысы бар 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    "Азаматтар мен кәсіптердің қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Полицейлер кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарында жасалған және өзге де қылмыстарға қатысты 270-тен астам бопсалау фактісін анықтады. Еліміздің өңірлерінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды", - деді ол.

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауы және қызметкерлерге қауіп төндіру фактілері бойынша 50-ден астам қылмыстық іс тіркелді.

    Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ІІМ бастамасымен "заңдағы ұры" деп аталатын санатқа жататын, сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салынды.

    "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заңды іске асыру аясында 80-нен астам қылмыс анықталды. Зардап шеккендерге қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді.

    Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құруға қатысты 38 іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.