jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда әйелін өлтірген зейнеткер 15 жылға сотталды

    Зейнеткер
    Таяқ ұстаған қария. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Атырауда өз жарын пышақтап өлтірген зейнеткерге сот үкімі шықты. 63 жастағы тұрғын 58 жастағы әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Ал пайғамбар жасындағы еркектің қанды қылмысқа баруына ішімдік пен қызғаныш себеп болған. Отбасында кезекті жанжалдан кейін әйелі қызының бөлмесіне барып жатып қалады. Бірақ араққа сылқия тойған күйеуі түнгі екіде қолына пышақ алып, әйелін тарпа бас салған.

    12 жастағы қызының көзінше 11 мәрте пышақ ұрып, қызының тоқтатқанына қарамаған. Мектепте бастауыш пәнінің мұғалімі болып істейтін әйел жарақаттан сол жерде жан тапсырды.

    Сотта кінәсін толық мойындаған егде жастағы еркек енді 15 жылын түрмеде өткізеді.

    Атырауда әйелін өлтірген зейнеткер 15 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.