jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағандыда үйіне бейтаныс екі әйелді кіргізген 94 жастағы кейуана 1 млн теңгесінен айырылды

    күдіктілер
    Күдіктілер. Видеодан кадр: polisia.kz

    Қарағандыда 94 жастағы кейуананың үйіне әлеуметтік қызметкер болып кіріп, 1 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІММ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылым тілшілерінің мәліметінше, полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары мен бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде күдіктілерді анықтап, оларды қолға түсірді.

    Оқиға маусымның соңында болған. Полицияға жүгінген 94 жастағы қала тұрғынының айтуынша, пәтеріне өздерін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған екі әйел келген. Олар қарт әжейдің сеніміне кіріп, ескі үлгідегі ақшаларды жаңасына ауыстыру қажет екенін айтып, үйде сақталған қаражаттың қайда тұрғанын сұраған. Еш күмәнданбаған кейуана жинаған ақшасының орнын көрсеткен. Арада көп уақыт өтпей, бейтаныс әйелдер үйден шығып кеткен соң зейнеткер өзіне тиесілі 1 млн теңгенің жоғалғанын байқап, бірден полицияға хабарлаған.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, күдіктілердің жүрген бағытын анықтады. Нәтижесінде олардың кім екені анықталып, күдіктілер ұсталды.

    Олар Алматы тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің Қарағанды облысы мен еліміздің басқа өңірлерінде жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Полиция азаматтарды, әсіресе егде жастағы туыстарын алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы алдын ала ескертіп отыруға шақырады.

    "Өзін әлеуметтік қызметкер, коммуналдық қызмет немесе өзге мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырған бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеңіздер. Ақшаңыздың немесе бағалы заттарыңыздың қайда сақталғанын көрсетпеңіздер", - деп ескертті полиция.

    Қарағандыда үйіне бейтаныс екі әйелді кіргізген 94 жастағы кейуана 1 млн теңгесінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.