jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Мотоциклмен серуендетемін": СҚО-да 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Мотоцикл
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс тіркелді. Қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    1 шілдеде сағат 18:00 шамасында 13 жасар қыз дүкеннен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

    Тергеу дерегінше, 40 жастағы ер адам қызды алдап, мотоциклмен серуендеуге шақырып, ауылдан алып кеткен. Кейін қызды ұстап, оған қатысты заңсыз әрекет жасаған.

    Оқушы қызды іздеу түні бойы жалғасты. Тек таңғы сағат 5:00 шамасында ғана оны ауыл сыртынан тапқан.

    Қазіргі уақытта күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

    "Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу СҚО полиция департаментінің басшылығы бақылауына алды", - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

    Жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріле отырып, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

    "Мотоциклмен серуендетемін": СҚО-да 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.