jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысында әйелді пәтерінде өлтіріп кеткен ер адам мен оның сыбайластары сотталды

    пышақ
    Полиция қызметкерінің қолындағы пышақ. Көрнекі фото: David Young/picture alliance via Getty Images

    Жамбыл облысында жалғызбасты әйелді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кеткен күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ ауыр қылмысқа куә болып, оны жасырып қалуға тырысқан тағы екі адам жазасын алды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

    Қанды қылмыс былтыр Шу ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде болған. Туыстарымен байланысқа бірнеше күн шықпаған анасын Алматыдан іздеп келген ұлы оның жансыз денесін өз пәтерінен тапқан.

    40 жастағы әйелдің денесі пәтерде бірнеше күн жатып қалған. Жедел іздестіруде күдікті қолға түсіп, тергеуге алынған. Кейіннен оның жанында тағы екі сыбайласы болғаны белгілі болды. 

    "А. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. ҚР ҚК 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Л. ҚР ҚК 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы сотының баспасөз хатшысы Алина Райымбаева.

    Жамбыл облысында әйелді пәтерінде өлтіріп кеткен ер адам мен оның сыбайластары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.