jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жасырын патруль қауіпті маневр жасаған көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

    Жол ережесін бұзу дерегі
    Жол ережесін бұзу дерегі. Видеодан кадр: instagram.com/almaty.police

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жасырын патруль қауіпті маневр жасаған көліктерді тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында Әкімшілік полиция басқармасының іздестіру бөлімінің қызметкерлері арнайы белгілері жоқ қызметтік автокөлікпен жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылу фактісін анықтады.

    Полицейлердің назарына қауіпті маневр жасап, жолақтар арасында ретсіз ауысып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына нақты қауіп төндірген BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілері ілікті.

    Екі көлік те жедел тоқтатылды. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөліктері мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

    Полиция жасырын патрульдеудің басты мақсаты – жолдағы қауіпсіздік талаптарын әдейі елемейтін және апатты жағдай туындататын жүргізушілерді анықтау екенін еске салды.

    Бұл тәсіл енгізілгеннен бері агрессивті көлік жүргізудің 500-ден астам дерегінің жолы кесіліп, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жүргізушілер заң аясында жауапқа тартылды.

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жасырын патруль қауіпті маневр жасаған көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.