jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында саябақтағы орындықтарды теуіп бүлдірген жасөспірім сот шешімімен жазаланды

    саябақ
    Саябақ. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбе облысында саябақтағы орындықтарды теуіп бүлдірген жасөспірім жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық сотында кәмелетке толмаған азаматқа қатысты бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

    Сотта жасөспірім орталық саябақ аумағында орналасқан орындықтарды теуіп, бүлдіргені анықталған. Нәтижесінде 25 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

    Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген.

    Сонымен қатар келтірілген материалдық залал толық көлемде өтелгені анықталды.

    "Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушының кәмелетке толмағанын, кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгенін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген сот хабарламасында.

    Сот қаулысымен жасөспірім кінәлі деп танылып, оған 43 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Қаулы заңды күшіне енді.

    Ақтөбе облысында саябақтағы орындықтарды теуіп бүлдірген жасөспірім сот шешімімен жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.