"Қордай" шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгінен 350 мың АҚШ доллары табылды
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі "Қордай" автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгінен декларацияланбаған 350 000 АҚШ долларын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
Мәселен Жамбыл облысы "Қордай" автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды.
"Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды", - дейді ҰҚК өкілдері.
Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2397625-qordai-shekaralyq-baqylau-boliminde-shetel-azamatynyng-zhuginen-350-myng-aqsh-dollary-anyqtaldy/