jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде сарбаздың денсаулығына зиян келтірген сержант сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде мерзімді әскери қызметшіге әлімжеттік көрсеткен сержантқа сот үкімі шықты. Ол бір жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әскери соттың мәліметінше, сержант К. Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушінің денсаулығына елеулі зиян келтіруге әкеп соққан өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен шығатын әрекеттерді жасады деп айыпталды.

    Сержант К. мерзімді әскери қызметшілерге жауапты тұлға бола отырып, мерзімді әскери қызметшінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген дене жарақаттарын салған.\

    Мемлекеттік айыптаушы сержантқа бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындауды сұрады.

    Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Азаматтық талап қоюды ішінара мойындап, жәбірленушінің пайдасына тек өкілдің қызметіне ақы төлеуге байланысты сот шығындарын ғана өндіруді сұрады.

    Жәбірленуші соттан сотталушыға заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды және азаматтық талап қоюды қанағаттандыруды сұрады.

    Сотталушының кінәсі сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушінің, куәлардың және сарапшының айғақтарымен дәлелденді.

    Ақтөбе гарнизонының әскери соты К.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 700 мың теңге, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеуге байланысты сот шығындары ретінде 900 мың теңге өндірілді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ақтөбеде сарбаздың денсаулығына зиян келтірген сержант сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.