jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада мешітте намаздан кейін ұйықтап жатқан адамның телефонын біреу ұрлап кетті: оқиға видеоға түсіп қалды

    ұрлық
    Ұрлық. Видеодан кадр: Астана қаласы полиция департаменті

    Астанада мешітте ұйықтап қалған адамның телефонын әлдекім ұрлап кеткен. Полицейлер ұялы телефон ұрлығын жедел ашты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, таңертең ерте ер адам таң намазына келген. Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды ұрлап, ол жерден кетіп қалған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктіні анықтап, оны ұстады.

    "Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият болуға және қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

    Астанада мешітте намаздан кейін ұйықтап жатқан адамның телефонын біреу ұрлап кетті: оқиға видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.