jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстауда жанжал салдарынан екі адам оқ жарақатын алды

    Аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: David Sacks/The Image Bank/Getty Images

    Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында болған жанжал салдарынан екі жас жігіт оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты адам өлтіруге оқталу, бұзақылық және суық қаруды заңсыз алып жүру мен өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.

    Басылым дерегінше, 9 шілдеде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында бірнеше адам арасында жанжал болған. Оқиға салдарынан екі жас жігіт оқ жарақатын алып, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Атап айтқанда, адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға болғаннан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылған.

    "Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Айгерім Ибатуллаева.

    Маңғыстауда жанжал салдарынан екі адам оқ жарақатын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.