Түркістан облысындағы тойда түсірілген даулы видеоға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркістан облысындағы тойда түсірілген және қоғамда үлкен резонанс тудырған видеодан кейін Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды", - делінген мәлімдемеде.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
ІІМ өкілдері Қазақстанның Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететінін атап өткен.
Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.
"Сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтеді. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға беріледі", - дейді ІІМ өкілдері.
Еске сала кетейік, Түркістан облысындағы тойлардың бірінде түсірілген видео желіде резонанс тудырғанын жазған едік. Бұл жағдайға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мен ҚМДБ өкілдері пікір білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2408456-turkistan-oblysyndagy-toida-tusirilgen-dauly-videoga-qatysty-politsiia-qylmystyq-is-qozgady/
