jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Үй кезегін заңсыз жылжытқан "Отбасы банк" қызметкерлері жұмыстан қуылды

    Баспана
    Баспана. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Тұрғын үй кезегін заңсыз жылжытып, қалтасын қампайтқан "Отбасы банк" қызметкерлері жұмыстан қуылып, ізіне құзырлы органдар түсті. Сыбайлас жемқорлық сипаттағы біраз былықты жуырда қаржы ұйымының өзі әшкере еткен болатын. Банк қызметкерлері риелторлардан, нотариустар мен клиенттерден мәселесін шешіп бергені үшін қосымша ақы алып отырған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Біздің банкте аталмыш алаяқтықты жасаған қызметкерлер жұмыстан шығарылып, бүкіл ақпаратты мемлекеттік органдарға жібердік. Ешқандай залал келтірілген жоқ. Мысалы, сол азамат кезекте тұрған, екінші санатқа ауысып, біз ол пәтерді ол кісіге берген жоқпыз", - дейді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

    Банк басшысы Ләззат Ибрагимова бұл қитұрқы әрекеттен зардап шеккендер жоқ, "мәселенің алдын алдық" деп отыр. Бұған дейін ол "Ұмай" ипотекасы тамыздың соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.

    Қазір "Азия Даму банкі" ұсынатын қаржы көлемі анықталуда. Жалпы әйелдерге арналған бұл ипотека түрі мемлекеттік бағдарлама емес, яғни тартылған қаражат есебінен берілетін несие.

    Мұнда қандай да бір шектеу жоқ, кез келген нарықтан пәтер иемденуге мүмкіндік бар. Банк басшылығы ипотекаға жарамды үйлер тізімін кеңейткені туралы да шешімді түсіндіріп өтті.

    Яғни бұған дейін несиеге өтініш берілген күні баспананың пайдалану мерзімі 50 жылдан аспауы керек болса, қазір бұл ереже 60 жылға ойысты. Себебі Алматы сияқты ірі шаһарларда мекенжайы көз тартар ескі үйлерге сұраныс азаймай отыр.

    "Біздің салымшылардың арасында көп сұраныс болды. 70-жылдан бастап, Панфилов, Назарбаев көшесінде көп үй бар, соларды қосымша қосыңдар деген сұрақ болды. Біз ол пәтерлерді қарап, бүкіл нарықтың талдауын жасап барып рұқсат бердік", - дейді Ләззат Ибрагимова.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Үй кезегін заңсыз жылжытқан "Отбасы банк" қызметкерлері жұмыстан қуылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.