jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылады

    Ипотека
    Баспана кілтін алу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы тамыздың соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте "Отбасы банк" төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Оның сөзінше, бағдарламаны қаржыландыру бойынша "Азия даму" банкімен тиісті құжатқа қол қойылған. Қазіргі есеп бойынша ипотеканың бастапқы мөлшерлемесі 14 пайыздан басталады. Бірақ бір деңгейде қалмайды. Ибрагимованың түсіндіруінше, клиент 8 жыл бойы депозит шотына қаражат салып отырады. Осы кезең аяқталған соң несие бойынша мөлшерлеме 3,5 пайызға дейін төмендейді.

    Баспананы бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады. Ең бастысы – өтініш берушінің қолданыстағы депозитінің болуы және онда қаражат жинақтау мерзімі ескеріледі.

    "Азия даму" банкімен құжаттарға қол қойдық. Ипотека 14 пайыздан басталады. Жоспар бойынша 14-16 пайыз деп ойлағанбыз, қазір есеп шығарып жатырмыз. Қандай пайыз болатынын айтамыз. Депозитке 8 жыл ақша салады, осы уақыт ішінде несие 3,5 пайызға дейін төмендейді", – деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.