Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлады: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
"Жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған. Салдарынан қақпа құлап, баланың үстіне түскен. Бала жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. ҚФФ өкілдері балаға және оның отбасына қолдау білдіретінін жеткізді.
Белгілі болғандай, оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2411836-astanada-balanyng-ustine-futbol-qaqpasy-qulady-qylmystyq-is-qozgaldy/
