jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО-дағы тікұшақ апаты: іс сотқа жолданды

    БҚО-да апат болған тікұшақ
    БҚО-да апат болған тікұшақ. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Батыс Қазақстан облысында үш жарым жыл бұрын Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Қылмыстық іс енді сотқа жетті. Бұл қайғылы оқиғадан төрт адам қаза тапқан, деп хабарлайды Kazinform.

    Ми-8 тікұшағының апатына қатысты қылмыстық істі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының №2 соты қарап жатыр. Сот отырыстары Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша өтуде.

    Бұл бап теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзуға қатысты.

    Еске сала кетейік, 2023 жылы 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонып, салдарынан тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын хабарлаған едік.

    Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, тікұшақ сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта қатты екпінмен келіп қонған. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

    Тікұшақ апатына байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    БҚО-дағы тікұшақ апаты: іс сотқа жолданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.