jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түркістан облысында әйел адамға шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

    Ұсталған күдікті
    Ұсталған күдікті. Кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары" Telegram-арнасының мәліметінше, Леңгірде екі белгісіз адам түнде жергілікті тұрғынның үйіне кірген. Олар әйелге дене жарақатын салып, телефонын тартып алған.

    Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын.

    Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады.

    Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

    Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Еске салсақ, бұған дейін желіде Леңгір қаласында аяусыз соққыға жығылған әйелдің суреттері тарағанын, оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдіргенін жазған едік.

    Түркістан облысында әйел адамға шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.