Үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда әйел өліміне қатысты алғашқы сот отырысы белгіленді
Жарияланған күні:

Атырауда шілде айында орын алған әйел өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдікті Жұмағалиевқа аса қатігездікпен кісі өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Оқиға 2026 жылдың 22 шілдесінде болған. Ер адам үш жасар қызының көзінше әйелге пышақ ұстап, тап берген. Марқұмның жақындарының айтуынша, оған бірнеше рет пышақ жарақаты салынған.
Қайғылы оқиғадан кейін кішкентай қыз анасының денесінің жанында қалып қойған. Келесі күні оларды үйге оралған 16 жасар үлкен қызы тапқан.
Күдікті қылмыс орын алғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатігездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылуда.
Іс Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Бұл істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Алғашқы сот отырысы 2 қыркүйек сағат 15:00-ге белгіленді.
Автор: Айгүл Мансұрова
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда 42 жастағы төрт баланың анасы өз үйінде аяусыз өлтірілгенін жазған едік. Күдікті — марқұмның азаматтық некедегі жұбайы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2419131-ush-zhasar-qyzynyng-kozinshe-oltirdi-atyrauda-aiel-olimine-qatysty-algashqy-sot-otyrysy-belgilendi/
