Шиеліде денесі каналдан табылған 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды өлтіру ісі бойынша үкім шықты. Марқұмның денесі каналдан табылған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Жетінші арнаға" сілтеме жасап
Телеарна мәліметінше, биыл маусымда бойжеткен үйінен құрбысына барамын деп шығып кеткен. Бір тәуліктен кейін оның денесі Жахаев каналынан табылды. Қыздың мойнына қалың сым оралған еді.
Кісі өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған, үйленген 22 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді. Сотталушы соңғы сөзінде кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.
"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленсін.
Моральдық зиянның өтеуі ретінде 10 млн теңге, сондай-ақ мемлекет кірісіне 2 162 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін", - деді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Думан Әлиев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2422958-shielide-denesi-kanaldan-tabylgan-16-zhastagy-qyzdyng-olimine-qatysty-sot-ukimi-zhariialandy/
