Шымкентте көршісімен жанжал кезінде ер адам көз жұмды: полиция оқиғаға қатысты түсінік берді
Жарияланған күні:

Шымкент қаласының полиция департаменті көршілер арасындағы жанжал салдарынан көз жұмған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ПД мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.
Алған дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.
Күдікті жедел анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұған дейін көршілер арасындағы төбелес Шымкентте бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын хабарлағанбыз. Оқиға 9 қыркүйекте Хамза көшесінде болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2425827-shymkentte-korshisimen-zhanzhal-kezinde-er-adam-koz-zhumdy-politsiia-oqigaga-qatysty-tusinik-berdi/
