jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қызылордада бапкер жасөспірімді зорлады": облыстық спорт басқармасы мәлімдеме жасады

    Жүгіріп бара жатқан жасөспірім қыз
    Жүгіріп бара жатқан жасөспірім қыз. Көрнекі сурет: Stéphane Ouzounoff / Hans Lucas / AFP via Getty Images

    Қызылордада жасөспірімге қатысты зорлық жасады деген күдікпен ұсталған ер адамның қазіргі уақытта спорт саласында жұмыс істемейтіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

    Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жасөспірімнің бапкер тарапынан қысым көріп, заңсыз әрекеттерге тап болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді.

    Басқарманың мәліметінше, күдікке ілінген азамат 2024 жылы басқармаға қарасты спорт мекемесінде көгалдағы хоккей жаттықтырушысы қызметінен босатылған.

    "Қазіргі уақытта аталған азамат спорт саласына қарасты мекемелерде қызмет атқармайды", – делінген хабарламада.

    Ведомство тергеуербарысы мен оның нәтижесіне қатысты ақпаратты құқық қорғау органдары жариялайтынын мәлімдеді.

    Еске салсақ, бұған дейін жасөспірім хоккей жаттықтырушысы өзін 2 жыл бойы қорқытып, зорлап келгенін мәлімдеген. Аталған іс бойынша жаттықтырушы мен оның танысы қамауға алынды.

    "Қызылордада бапкер жасөспірімді зорлады": облыстық спорт басқармасы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram