Өскеменде 70 жастағы тұрғын екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Жарияланған күні:

Өскеменде 70 жастағы кейуана екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Зейнеткер түрлі жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады.
"Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда бағана орнату үшін қазылған шұңқырға бала түсіп кеткенін жазған едік.
Сондай-ақ Павлодарда бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалғаны туралы жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429961-oskemende-70-zhastagy-turgyn-ekinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/
