jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Семейдегі автожуудағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

    Семейдегі автожуу ғимаратындағы өрт
    Семейдегі автожуу ғимаратындағы өрт. Кадр: t.me/qr_tjm

    Семей қаласындағы автожуу бекетіндегі өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Еске сала кетейік, 23 қыркүйекте Семейдегі автожууда газгольдер жарылып, өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге тараған болатын.

    Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақатын алған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылған.

    Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер оқиғадан кейін бірден медициналық ұйымдарға жеткізілген. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

    "Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Екінші пациент хирургия бөлімінде ем қабылдауда, жағдайы орташа ауыр. Екеуіне де қажетті ем жүргізіліп, медициналық мамандардың тұрақты бақылауында", - делінген ақпаратта.

    Дәрігерлер пациенттердің жағдайын бақылауды жалғастырып, қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

    Семейдегі автожуудағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram