jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін Данияр Хайрушев ұсталғаны белгілі болды

    Данияр Хайрушев
    Данияр Хайрушев. Фото: gov.kz

    Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Биыл мамырда Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушев әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтағаны және қызметіндегі табыстары үшін Б. Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны хабарланған еді.

    Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды.

    Ұсталғандардың қатарында – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар.

    Кейін ІІМ өкілдері іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасатынын хабарлады.

    Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін Данияр Хайрушев ұсталғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram