jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне қатысты шу: қылмыстық іс қозғалды

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: .instagram.com/kair_n

    Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінде адамдар кептеліп қалды деген ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді. Қалалық ПД өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Халық санының көптігі салдарынан шараға келушілердің бірі зардап шекті. Бойжеткен медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.

    Шара ұйымдастырушылары полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Ұйымдастырушылар әрекетіне құқықтық баға берілетіні айтылды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім шығарылмақ.

    Айта кетейік, бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы концерттен кейін 18 жастағы бойжеткен зардап шеккенін жазған едік. Ведомство оның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

    Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне қатысты шу: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram