Стамбұлдағы қазақстандық қыздың өлімі: бір топ түркиялық әйел наразылыққа шықты
Жарияланған күні:

Түркияның Стамбұл қаласындағы қазақстандық қыздың өлімі жергілікті әйелдердің бас көтеруіне себеп болды. Қыз-келіншектер 26 жастағы Айсұлу Бекмаханова биіктен құлаған көшеге жиналды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар отандасымыздың өлімі жан-жақты тергеліп, кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етті әрі бұл өз-өзіне қол жұмсау еместігіне сенімді. Әйелдердің құқығы тапталмаса, дейді жиналғандар. Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша отандасымыз көрші ғимараттың төбесіне балкон арқылы көтерілген. Тіпті оның биікте отырған соңғы фотосы да тарады. Кейін көрші үйдің шатырына өтпек болған кезде төменге құлауы мүмкін.
Айсұлу оқиға орнында көз жұмған. Осыдан соң онымен бірге тұрған ресейлік қыз және сүйіктісі ұсталған. Олардан жауап алынған соң, елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ Түркияда Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы ақпаратты растады. Жергілікті БАҚ Стамбұлдың Шишли ауданында 26 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ол тұрып жатқан ғимараттың 6-қабатының балконынан көрші үйдің шатырына өтпек болған, бірақ ғимараттар арасындағы кеңістікте орналасқан шатырға шығып, -2-қабат деңгейіне құлап кеткен. Артынша Айсұлу Бекмаханованың өліміне қатысты екі адам ұсталғанын жаздық.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2449053-stambuldagy-qazaqstandyq-qyzdyng-olimi-bir-top-turkiialyq-aiel-narazylyqqa-shyqty/