jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қостанайдағы 5 жасар баланың өлімі: жаңа деректер айтылды

    аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: skaman306/Getty Images

    Қостанай облысында бес жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Басы мен денесінің сау тамтығы қалмаған бүлдіршін ауыр жарақаттан қаза болған. Бала өгей анасымен және анасымен бірге тұрған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Жантүршігерлік жағдай Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын ауылында болған. Онда ойын баласына озбырлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталып, қамауға алынды.

    Қазір полиция өкілдері тергеу құпиялығына сай өзге ақпаратты жарияламай отыр. Ал бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі бес жасар бала бұған дейін балабақшаға барып жүргенін айтады.

    Алайда оның анасы ана құқынан айырылғандықтан, әжесінің тәрбиесінде болған екен.

    "Сот шешімі арқылы әкесі Қосмұрынға алып кеткен. Бұрын балабақшаға барып жүрген бала. Көпбалалы отбасы.  Оның басқа да балалары бар. Жаңа отбасын құрғандықтан, өгей анасымен және өз әкесімен тұрып жатқан.  Қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайы әлі анықталып жатыр", - деді Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі Несібелі Бәсенова.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қостанай облысында 5 жасар бала кісі қолынан мерт болғанын жазған едік. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram