jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам мән-жайды түсіндірді

    Баланың әкесі
    Баланың әкесі. Фото: lada.kz

    Ақтауда облыстық балалар ауруханасының дәрігеріне шабуыл жасаған кішкентай пациенттің әкесі өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ер адамның айтуынша, 19 қазанда ұлының жағдайы нашарлаған: баланың іші қатты ауырып, қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Жедел жәрдем баланы соқырішек деген күдікпен ауруханаға жеткізген.

    "Қабылдау бөлімінде ұлымды қарап, тексеруі үшін көп жүгіруге тура келді. Бірінші талдау нәтижесі лейкоциттер деңгейінің жоғары екенін көрсетті – шамамен 21,5-22. Соған қарамастан, кешке бізге үйге қайтуды ұсынды.

    Мен бұған келіспей, сағат 23:00 шамасында қайта талдау жасауды талап еттім. Ол да лейкоцит деңгейінің жоғары екенін көрсетті – шамамен 21. Осыдан кейін баланы ауруханада бақылауға қалдырды. Таңертең ұлымды басқа хирург қарап, бірден отаға жіберді. Ота сәтті өтті", - деді баланың әкесі.

    Сенбі, 31 қазанда ұлының іші қайтадан ауырып, әкесі баланы облыстық балалар ауруханасына алып келген. Сол жерде ол бұған дейін араларында жанжал болған дәрігер-хирургпен қайта жолыққан.

    Ер адамның айтуынша, дәрігер оған мысқылдай қарап, баланы қараудан бас тартуы мүмкін екенін аңғартқандай болған. Ол өзін ұстауға тырысқанымен, ақырында екеуінің арасында жанжал шыққан.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге тап беріп, оның жағасынан алғаны туралы жазған едік.

    Медициналық мекеме өкілдері балалар хирургі баланы қажетті тексеруден өткізіп, нәтижесін оның әкесіне сабырмен түсіндіргенін мәлімдеді. Ауруханаға жатқызуға негіз болмаған. Сол кезде ер адам дәрігерге күш көрсеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram