jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде тағы бір әйелді өлтіріп кетті

    ұсталған адам
    Ұсталған адам. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

    Ақтөбеде 26 жастағы әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Қылмыс Есет батыр тұрғын алабында болған. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция күдіктіні анықтап, ұстады және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрын ерлі-зайыпты болған жұп арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Айта кету керек, бұған дейін полицияға тұрмыстық жанжал туралы арыздар, өтініштер түспеген", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД өкілдері.

    Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Тергеу мүдесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

    Еске сала кетейік, өткен аптада ғана Ақтөбедегі неке қию сарайында әйел адам кісі қолынан мерт болғанын хабарлаған едік. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары ол кезде де ізін суытпай күдіктіні анықтап, ұстады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram