jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ғылым министрі ҚазҰУ-дағы қыздың қазасына қатысты полиция пікір білдіруге тыйым салғанын айтты

    қылмыстық іс
    Қылмыстық кодекс. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Құрылтайдағы баспасөз мәслихатында ғылым министрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қайтыс болған қыздың ісіне қатысты қысқаша түсінік беріп, полиция кез келген ақпаратты жариялауға тыйым салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Біз дереу қамқоршыларымен байланысқа шықтық, барлық шығынды университет өзі көтерді – төлемді де қалпына келтірдік. Кез келген көмек бойынша әкесімен және қамқоршыларымен тікелей байланыстамыз. Бізден талап етілген барлық нәрсені орындадық.

    Сотқа дейін тергеу органдарының барлық әрекеті жарияланбауға тиіс. Біз де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен өтініп сұраймыз, бұл мәселе көп талқыланып жатыр, тергеу жүріп жатыр, біз тіпті ресми ештеңе түсіндірген жоқпыз, өйткені Алматы қалалық полиция департаменті бізге, яғни университетке қатаң түрде тыйым салды, процессуалдық әрекеттер кезінде жазба жариялауда абай болыңыздар", - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

    Еске сала кетейік, Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде бірінші курста оқыған қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат 6 қарашада таралған еді.

    Полиция Алматыда қыз баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу басталғанын мәлім етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram