jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменнің бала-бақшалары заңсыз салықты дәстүрге айналдырған

    : UGC

    Шығыс Қазақстанда балабақша мен мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері анықталды. Өңірдің барлық білім ордалары заңсыз салықты дәстүрге айналдырған.

    Осылайша ашуға мінген өңірдің бас прокуроры тексерістің қорытындысын жариялады. Облыстағы балабақшаларды тексере келе барлығы 690 заңбұзушылық анықталды.

    Білім беру мекемелерінде 40-тан астам бұрындары бас бостандығынан айырылған азаматтардың еңбектеніп келгендігі мәлім болды. Сондай-ақ, балабақша мен мектепте ата-аналардан ай сайын күзет пен санитарлық жағдайды жақсарту желеуімен мың жарым теңге көлемінде қаражат жиналғаны мәлім болды.

    Тексеріс қорытындысы бойынша ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" Заңына сәйкес жеті өкілетті тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту шешімі қабылданды.

    Прокурорлар балабақшаға бүлдіршіндерді қабылдау барысында да бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілгендігін мәлімдеді.

    "Балабақшаға балаларды қабылдау барысында кезек сақталмаған. Тіркелмеген балалар кезексіз қабылданған фактілер анықталды. Бұл тұста бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілгендігі жасырын емес. Балабақша басшылығы болса білім мекемелерінде күзет қарастырылмағандықтан ата-аналардан қаражат жиып, күзетші жалдауға мәжбүр екендіктерін айтуда", - деді ШҚО прокурорының аға көмекшісі Нұрбұлан Мақұлбаев.

    Себебі, Өскеменде балабақшаларға бәз біреулердің кіріп кетіп, бүлдіршіндерге қауіп төндірген жағдайлары жиі кездеседі екен.

    "Балабақшаларда күзет немесе вахтер штаты қарастырылмаған. Біз өзіміз күзетші жалдауға мәжбүрміз. Бізге түнеу күні кешкісін бір қаңғыбас кіріп кетті, тағы бір ішіп алған әке қолына пышақ алып келіп бәрінің үрейін қашырды. Сол кезде күзетші болмаса полиция келгенше бәрімізді қырып тастайтын еді. Полиция шақырғаннан кейін тек 40 минуттан соң келді", - дейді "Облакетка" балабақшасының меңгерушісі Татьяна Краковская.

    Өскеменнің бала-бақшалары заңсыз салықты дәстүрге айналдырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.