jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы сән және дизайн колледжінің бұрынғы мұғалімі екі айға қамауға алынды

    : UGC

    Алматыда сән және дизайн колледжіндегі жарылысқа байланысты осы колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Юрий Гавриленко қамауға алынды.

    Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешмет мәлімдеді."Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Алматы сән және дизайн колледжінде бұрын алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі болып істеген Юрий Гавриленконі екі ай мерзімге қамауға алды. Оған Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-  тармағына сәйкес ("Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") айып тағылды. Қамауға алу мерзімі 2014 жылдың 19 қарашасы күні, кешкі сағат 19:00-ден басталды. Айыпталушының осы мерзімнен бастап, үш күн ішінде шағым түсіруіне  болады", - деді Қуандық Ешмет.Сондай-ақ, Алматы қалалық соты баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, Юрий Гавриленко 2010 жылы РГД-5 жарылғыш әскери гранатасын сатып алып, оны өзінің сабақ өткізетін бөлмесінде сақтаған. Мұғалімнің гранатаны қайдан және қандай мақсатқа алғандығы әзірге белгісіз.       Айта кетелік, 17 қараша күні таңғы сағат 08:40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында граната жарылысы орын алған болатын. Нәтижесінде алған жарақаттан оқиға орнында бір студент қыз көз жұмымып, тағы 12 студент әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, тағы үш адам дәрігерлердің көмегіне өздері жүгінген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.Ал 20 қараша күні  алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев екі айға қамауға алынды. Жарылыс сол мұғалімнің сабағында орын алған болатын. Ол колледжге 2013 жылдың қыркүйек айында жұмысқа қабылданған екен.

    Алматы сән және дизайн колледжінің бұрынғы мұғалімі екі айға қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.